Сауд Арабиясында әйелдердің еркіндігін кеңейтуге тағы бір қадам жасалды. Корольдіктің қыз-келіншектері енді спорттық стадиондарға кіруге рұқсат алды. Бұл туралы ереже келер жылдан бастап әр-Рияд, Джедда және Даммам қалаларында күшіне енеді. Айта кетсек, өткен айда Саудияда әйелдерге көлік жүргізуге рұқсат берілді.
Бұл реформалар 32 жастағы Мохаммед ханзаданың «Келешек-2030» атты бағдарламасы аясында жүргізіліп жатыр. Ол реформаның мақсаты - елді мұнайға тәуелділіктен құтқарып, әлеуметтік және экономикалық өзгерістер әкелу. Сонымен қатар, монархияны модернизациялау үшін корольдік үкіметі радикализмді жойып, қалыпты Исламға оралуды көздеп отыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ