Корольдіктің біртұтастығын қолдау үшін жиналғандар акция өтіп жатқан алаңға лық толған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шеруге 1 млн. 600 мыңнан астам каталондық қатысты. Митингтің басты мақсаты – автономиялық аудан тәуелсіздігін ондағы тұрғындардың барлығы бірдей қолдамайтынын көрсету. Бір топ адам «Испания, король жасасын», «Пучдемонды түрмеге жабу қажет» деп ұрандатқан. Испаниядағы саяси дағдарыс қазанның 1-де Каталонияда өткен референдумда дауыс берушілер тәуелсіздікті қолдағаннан кейін ушықты. Сенбіде орталық үкімет автономия лидерлерін қызметтен кетіріп, тікелей басқару енгізетінін мәлімдеді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ