Сенат Каталония мәселесін дауысқа салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат Каталония мәселесін дауысқа салды

27.10.2017

Саяси дағдарысқа ұшыраған Испанияда бүгін ел тағдыры үшін маңызды екі  жиын өтеді. Сенат  Каталонияға тікелей билік жүргізу мәселесін дауысқа салмақ. Дәлірек айтсақ, Премьер-Министр Мариано Рахой автономия лидерлерін қызметтен кетіріп, жергілікті парламенттің өкілеттігін шектеуді көтеріп отыр. 

Ал, Каталония басшылары бас қосып, ресми Мадридтің бұл қадамына қалай жауап беретінін талқылайды. Бұған қоса, кейбір мәліметтерге қарағанда, автономия үкіметі бүгін тәуелсіздік жариялауы да мүмкін. 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу