Киевтегі жарылыс теракт деп танылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Киевтегі жарылыс теракт деп танылды

26.10.2017

Киевтегі «Эспрессо» телеарнасы ғимараты жанында болған жарылыс теракт деп танылды. Украина Ішкі істер министрлігі өкілдері осылай деп мәлімдеді. Қуатты жарылыстан Жоғарғы Рада депутаты Игорь Мосийчук пен саясаттанушы Виталий Бала жараланды.

Депутаттың 30 жастағы оққағары қаза тапқан. Ауыр жараланған Мосийчук қазір ауруханада жатыр. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Куәгерлердің сөзінше, депутат телеарна ғимаратынан шығып бара жатқанда, сол жерде тұрған мотоцикл немесе скутердің күлі көкке ұшқан. Тағы бір мәліметтерге сай, қастандық Игорь Мосийчуктің кәсіби қызметіне байланысты жасалған болуы мүмкін.  

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу