Түркияда адам құқығын қорғаушылар сотталып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда адам құқығын қорғаушылар сотталып жатыр

25.10.2017

Түркияда терроризм бойынша айыпталған 11 адам құқығын қорғау белсендісіне қатысты сот процесі басталды. Ол Станбулда өтіп жатыр. Жауапқа тартылғандардың ішінде «Эмнести Интернешнл» ұйымының жергілікті басшысы, бір германиялық және швециялық бар. Кінәлары дәлелденсе, олар 15 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Айта кетсек, бұл азаматтар шілдеде Станбул жанындағы аралда өткен сандық қауіпсіздік туралы семинарға қатысқаннан кейін ұсталды. Олар «қарулы лаңкестік ұйымға» мүше болды және жәрдем берді деп айыпталып отыр. Полиция сот процесі өтіп жатқан ауданды қоршауға алды. Бұл жерге бір топ журналист те жиналған.

«Эмнести Интернешнл» ұйымының өкілдері болса, шеруге шығып, әріптестеріне тағылған кінәні жоққа шығарып, сотталып жатқандарды босатуға шақырды.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу