Лондонда аурухана жүйесіне хакерлер шабуыл жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лондонда аурухана жүйесіне хакерлер шабуыл жасады

25.10.2017

Лондонда атақты пластикалық ота жасайтын клиникаға хакерлер шабуыл жасады. Соңғы келіп түскен мәліметтерге қарағанда, науқастар туралы жеке деректер ұрланған. Жергілікті полиция мен компьютер мамандары аурухананың жүйесі бұзылғанын растады. Шабуылды ұйымдастырған «dark overlord» деген хакерлер тобы екені анықталды. Сондай-ақ, олар Ұлыбританияның корольдік отбасы мүшелеріне қатысты деректерді де алған. Хакерлер науқастар тізімін суреттерімен интернет жүйесіне енгізетінін ескертті. Қазір мамандар нақты қандай ақпарат ұрланғанын айта алмай отыр. Тергеу амаларды жүріп жатыр.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу