Ресейде оппозиционер Алексей Навальный түрмеден босатылғаннан кейін Астрахань қаласында митинг өткізді. Жаңбыр жауып тұрса да акцияға мыңнан астам адам қатысқан. Демонстранттардың көбі – жастар.
Кремль басшысы Владимир Путинді талай сынаған Навальный өткен айда халықты билікке қарсылыққа үгіттеді деп айыпталып, 20 күнге қамалған болатын.
Айта кетейік, ол 2018 жылы наурызда өтетін президенттік сайлауға өз кандидатурасын ұсынбақ болды. Алайда, Ресейдің орталық сайлау комиссиясы абақтыда отырғанын алға тартып, оппозиционердің сайлауға қатыса алмайтынын мәлімдеді. Навальный болса мұны әдейі саяси тапсырыспен қабылданған шешім деп есептейді.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ