Ұлыбритания ЕО-дан шыққаннан кейін саяси институтты қалай дамытуға болады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбритания ЕО-дан шыққаннан кейін саяси институтты қалай дамытуға болады?

20.10.2017

Одаққа мүше мемлекеттердің басшылары Брюссельдегі саммитте осы мәселені талқылауда. Қазір Еуроодақ елдерінде 1 млн. британдық, ал, тұманды альбионда ұйымға мүше 27 мемлекеттің 3 млн. азаматы тұрып жатыр. Жиында тараптар осы азаматтардың Brexit-тен кейінгі құқығы қалай сақталатынын сөз етті. Бірақ, әзірге ортақ мәмілеге келген жоқ. Сондай-ақ, басқоуға жиналғандар қарт құрлықтың басты уайымына айналған мигранттар мәселесін де қаузады. Каталония дағдарысы басқосудың күн тәртібіне шығарылмағанмен, Еуроодақ басшылары өз ұстанымдарын білдірді. 

Дональд Туск, Еуропалық кеңестің төрағасы:

- Испаниядағы жағдай бәрімізді алаңдатып отырғанын жасыра алмаймыз. Бәріміздің де эмоциямыз, мәселеге қатысты беретін бағамыз, пікіріміз бар. Бірақ, Еуропалық Одақ институттары Каталониядағы саяси дағдарысты тұрақтандыруға арағайындық етіп немесе халықаралық бастама көтеріп, шара ұйымдастырады деуге негіз жоқ. Еуроодақ бұл мәселеге араласпайды.

 

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу