Украина Жоғарғы Радасы шерушілердің талаптары жартылай орындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина Жоғарғы Радасы шерушілердің талаптары жартылай орындады

20.10.2017

Украина Жоғарғы Радасы «Үлкен саяси өзгеріс» акциясына қатысушылардың талаптарын жартылай орындады. Ол депутаттарды дербестік құқығынан айыру туралы екі заң жобасын Конституциялық соттың қарауына жіберді. Бұған қоса, парламентарийлер елдің сайлау туралы заңнамасын реформалауды талқылап жатыр. Бұл өзгерістерден соң шерушілердің бір бөлігі наразылық акциясын тоқтатты.

Қазір Раданың қасында Михаил Саакашвилидің «Жаңа күштер қозғалысы» партиясының мүшелері ғана қалды. Олар коррупцияға қарсы сот құрылмай, шатырларын жинамайтынын ескертіп отыр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу