Бүгін - халықаралық кедейшілікпен күрес күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - халықаралық кедейшілікпен күрес күні

18.10.2017

Атаулы датаны 1987 жылы БҰҰ ресми бекіткен. Осыған орай, Бельгияның әлеуметтік ұйымдары үнсіз қалмай, кедейлерді қолдауға арналған шара ұйымдастырды. Еріктілер мен тұрғындар қала көшелерінде түнеп жүрген үйсіз-күйсіз азаматтарға азық-түлік таратып, көңілдерін көтерді. Тағы бір топ өкілдері дағдарыстың кесірінен жұмыссыз, баспанасыз далада қалған отбасыларға психологиялық және қаржылай қолдау көрсетті. Жалпы, Еуропа статистика агенттігінің мәліметінше, Бельгияда бүгінде 2,5 млн адам, яғни халықтың 20 пайызы кедейлік кебін киіп отыр. 

Натали Тиволи, шараны ұйымдастырушы:

 - Кедейлер күн санап көбейіп келе жатыр. Көп адамда жұмыс, баспана жоқ. Жұмысы барлардың тапқан айлықтары салық төлеуден артылмайды. Аштықтан, ақшасы жоқ болған соң, медициналық көмек көрсетілмей, өліп кетіп жатқандар да көп қазір. Үкімет өзге салаға ақшаны құрта бермей, әлеуметтік саланы дамытып, халыққа қолдау көрсетуге міндетті.   

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу