АҚШ Ирак армиясы мен күрд жасақтарын сабырға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Ирак армиясы мен күрд жасақтарын сабырға шақырды

17.10.2017

Айта кетсек, үкімет әскері өткен тәулікте Киркук қаласы мен оның айналасындағы мұнай-газ кеніштерін, әскери база мен әуежайды күрд қарулы топтарынан босатты және де мұнда Ирактың туы тігілді.

Бағдад бұл операцияға Күрдістан аймағы референдум өткізіп, тәуелсіздікке дауыс бергеннен кейін үш апта өткенде кірісті.

Мұнайға бай және негізінен арабтар мен түркімендер мекендейтін Киркук Ирактық Күрдістаннан бөлек жатыр. Соған қарамастан, күрдтер оны 2014 жылы «ДАИШ»-тың шабуылы кезінде басып алды.

Ирак Киркукты азат ету науқанын елдің бірлігін сақтау үшін жүргіздік,- дейді. Екі жақ арасындағы қақтығыс салдарынан мыңдаған адам үйлерін тастап кеткен.

«BBC»-дің хабарлауынша, Киркуктан айырылғаннан кейін Күрдістан автономиясындағы екі негізгі партия бір-бірін сатқындық үшін айыптап отыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу