Олардың неліктен бас тартқаны әзірге белгісіз. Бірақ, осы фильмнің 15 секундтық бейнеролигін көрсету үшін прокаттаушы компания жергілікті телекомпанияларға ақша төлеп қойған. Ол ақы да қайтарылды.
«Матильда» - Император Николай II мен балерина Матильда Кшесинская арасындағы байланыстар туралы фильм. Оның премьерасы қазанның 26-да өтеді. Бірақ, сол тұсаукесерге картинаның шетелде жүрген екі басты актеры қатыспайды. Өйткені, өмірлері үшін қауіптенеді.
Осыған дейін, бұл фильм православ дінін ұстанушылардың арына тиеді деп танылған еді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ