Жиынның қорытындысына сәйкес, 14 құжатқа қол қойылды. Атап айтсақ, 2025 жылға дейін цифрлық теxнологияларды дамыту жоспары бекіді. Бұл бағдарламалық құжат Еуразиялық бестікке электронды сауданы бірлесіп дамытуға мүмкіндік береді. Осы орайда Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылы жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің цифрлық экономика жөніндегі арнайы кездесуін өткізу туралы ұсыныс жасады.
Ал, одаққа мүше мемлекет басшылары бұл идеяны қолдайтындарын айтты. Жалпы, Еуразиялық интеграция экономикалық өсімге ойдағыдай әсер етіп отыр. Ішкі жалпы өнім көлемі биыл 1,8 пайызға, ал сыртқы сауда көлемі 26 пайызға өскен. Келер жылы одаққа төрағалық ету тізгіні Ресейге беріледі.