Жапонияның оңтүстік-батысында «Синмоэ» жанартауы атқылап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияның оңтүстік-батысында «Синмоэ» жанартауы атқылап жатыр

11.10.2017

Жапонияның оңтүстік-батысында «Синмоэ» жанартауы атқылай бастады. Жан-жаққа шашыраған түтін мен күл Кирисима қаласы тұрғындарына кері әсер етіп жатыр. Вулкан бұған дейін алты жыл бойы оянбай, тыныш жатқан.

Жапон метеорологиялық агенттігі одан төнген қауіпті 3-тен 5-ші деңгейге көтерді. Ал, жергілікті фотографтар арнайы барып, жанартаудың атқылау сәтін суретке түсіріп жатыр.

 

Арай ТӨЕЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу