Каталонияда тәуелсіздікті жариялау кейінге қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каталонияда тәуелсіздікті жариялау кейінге қалды

11.10.2017

Каталония президенті Карлес Пучдемон аймақтық парламентті тәуелсіздікті жариялауды кейінге қалдыруға шақырды. Оның сөзінше, Испаниядан бөліну туралы ресми Мадридпен келіссөздер орнату керек. Алайда, тәуелсіздік туралы декларацияға қол қойылған. Дегенмен, бұл құжаттың заңды күші бар-жоғы әлі белгісіз. Жоспар бойынша Пучдемон бұл провинцияның жеке мемлекет болатынын кеше хабарлауы тиіс еді.

Естеріңізге салсақ, Каталонияда қазанның 1-де тәуелсіздік туралы референдум өтіп, дауыс берушілердің 90 пайызы Испаниядан бөлінуді қолдаған. Ал, испан премьері Мариано Рахой елінің бөлшектенуіне жол бермейтіндігін ескертіп, әлі күнге дейін тәуелсіздікті жариялауға тосқауыл қойып келеді.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу