Ақтөбеде елімізде өсетін өсімдіктерден дәрі-дәрмек шығаратын зауыт ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде елімізде өсетін өсімдіктерден дәрі-дәрмек шығаратын зауыт ашылды

16.10.2014
Ақтөбеде елімізде өсетін өсімдіктерден дәрі-дәрмек шығаратын зауыт ашылды

Кәсіпорынның жалпы құны 245 миллион теңге. Оның 195 миллионы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында несие ретінде берілген. Кәсіпорын  жылына 12 миллион құты сапалы әрі бағасы қолжетімді фармацевтикалық өнім шығаруды жоспарлап отыр. 

Қазіргі таңда зауытта екі препарат – жөтелге қарсы қызыл мия шәрбаты мен оның термопсис қосылған түрі шығарыла бастады.

Сағатына 5 мың құты дәрі дайындауға мүмкіндігі бар зауыт мамандары қазір қызыл мия тамырын тұндыру үстінде. Бұл өнімге  шетелдіктер де үлкен қызығушылық танытып отырған көрінеді.

Кәсіпорын басшысы зауыт өз құнын 2020-сыншы жылға дейін толық ақтайтынына сенімді.  Қазір мұнда 35 адам еңбек етуде. Жұмысшылар саны келер жылы екі есеге ұлғайтылмақшы.

Жақсыбек КЕМАЛ

 

 

Хабарламаларға жазылу