Францияда мемлекеттік қызметкерлердің шеруі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда мемлекеттік қызметкерлердің шеруі басталды

10.10.2017

Демонстранттар президент Эммануэль Макронның еңбек реформасына наразылық білдіріп жатыр. Акцияны елдегі 5,5 миллионға жуық мүшесі бар тоғыз кәсіподақ ұйымы соңғы 10 жылда алғаш рет бірлесіп ұйымдастырып отыр. 

Олар үкіметтің 120 мың жұмыс орнын қысқартып, денсаулыққа байланысты еңбекке жарамсыздық үшін төленетін өтемақының азаюына қарсы.

Ауқымды шеру салдарынан мектептер мен ауруханалар жабыла бастады. Сонымен қатар, әуежайларда авиациялық сапарлардың үштен бірі шегерілуі мүмкін.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу