Йоханнесбургте дауыл соғып, бұршақ жауды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Йоханнесбургте дауыл соғып, бұршақ жауды

10.10.2017

Оңтүстік Африканың Йоханнесбург қаласында дауыл соғып, бұршақ жауды. Кей аудандарда жолдарды су басып, көлік қозғалысы қиындады. Ал, «Sunday Times» газеті 1 адам қаза тауып, бірнешеуі жараланды деп хабарлады. Сонымен қатар, «Крадлстоун» сауда орталығы қираған.

Синоптиктердің болжамы бойынша, мұнда алдағы күндері толассыз жауын жауып, дауыл күшеюі ықтимал. Сондықтан, жергілікті билік тұрғындарға алыс жолға шықпай, үйлерінде отыруға кеңес берді.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу