Каталония президенті Карлес Пучдемон бүгін өз кабинетінің мүшелерімен кездесті. Ол жергілікті уақытпен кешкі сағат 18:00-де парламент алдында сөз сөйлеп, Испанияның наразылығына қарамастан, аймақ тәуелсіздігін жариялауы мүмкін. Алайда, осы жоспары үшін Пучдемонға қарсы халықаралық қысым күшейіп келеді. Мысалы, Еуропаның екі ірі державасы – Германия мен Франция Испанияның тұтастығына қолдау білдірді.
Естеріңізге сала кетсек, қазанның 1-де Каталонияда референдум өтіп, онда электораттың 90 пайызға жуығы тәуелсіздікке дауыс берді. Дегенмен, бұл плебисцитке сайлауға құқығы бар азаматтардың 43 пайызы ғана қатысқан.
Арыстан РЫСБЕК