Экономика бойынша Нобель жүлдесін америкалық Ричард Талер ұтып алды. Ол мінез-құлық экономикасын зерттеуге қосқан үлесі үшін еленіп отыр. Швеция корольдік академиясының мәлімдемесіне сай, Талер өз жұмыстарында экономика мен психологияны байланыстыра білді. Экономист шектелген рационалдық, өзін-өзі бақылаудың жетіспеушілігі салдарын зерттей келе, бұл қасиеттердің адамның шешім қабылдауына, нарықтық нәтижелерге жүйелі түрде ықпал ететінін көрсетті.
Ричард Талер 72 жаста. Ол бүгінде АҚШ-тың Чикаго университетінде дәріс береді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ