Донбасс туралы заң қабылданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Донбасс туралы заң қабылданды

06.10.2017

Украина парламенті ел құрамына Донбассты қайта біріктіру туралы заңды бірінші оқылымда мақұлдады. Оған сәйкес, Киев іс жүзінде «антитеррористік операциялардан» бас тартады. Сонымен қатар, құжатта Ресей «басқыншы ел» деп көрсетілген. Ал, Донецк пен Луганск облыстарының Украинаға бағынбайтын аудандары «уақытша басып алынған» деп сипатталып отыр.

Заң жобасын президент Петр Порошенко ұсынды. Порошенко сепаратистерге тойтарыс беру үшін Украина қарулы күштерінің бірлескен штабын құруды ұсынады.

Айта кетсек, бүгінгі таңда Донбасстағы әскери күштерге елдің Қауіпсіздік қызметі басшылық етіп отыр. 

Мәскеу Киевте қабылданған заңды сынға ала отырып, оның Донбассты Украинадан тіпті алшақтататынын мәлімдеді.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу