Солтүстік Қазақстан облысында бельгиялық фирма автобус құрастырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысында бельгиялық фирма автобус құрастырады

16.10.2014
Солтүстік Қазақстан облысында бельгиялық фирма автобус құрастырады

Техника, механика саласы экономикамызға оң өзгерістер енгізуде. Айталық, 1947 жылдан бастап Қазақстанда жұмыс істеп келе жатқан Бельгияның «VanHool» фирмасы шығаратын автобус, троллейбус, тіркеме, жартылай тіркеме өнімдері халықаралық нарыққа сәтті шығып отыр.

Жалпы, Солтүстік Қазақстан облысында 49 машина құрастыру кәсіпорыны жұмыс істейді. Ендігі ретте, өңір жаңа өндірістік бастамалардан үмітті. Оған тәжірибелі мамандар да, экономикалық әлеует те жеткілікті.

Сондай-ақ, 2016 жылдан бастап елімізде отандық өнім КА-226Т тікұшақтары құрастырыла бастайды. Нәтижесінде, барлық қызмет көрсету жүйесін осы тікұшақпен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Саламат ОМАШ

 

Хабарламаларға жазылу