Швецияда құс қауырсынынан тағам жасалмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Швецияда құс қауырсынынан тағам жасалмақ

06.10.2017

Швеция биотехнологтары қызықты зерттеу жүргізді. Олар құс қауырсындарын тағам және косметикада қолдануға болатынын мәлімдеп отыр. Мұны жүзеге асыруға арнайы бактерия штаммы көмектеседі. Бірегей микро-ағза қауырсындағы протеиндерді жеуге жарамды амин қышқылдарына айналдыруға қабілетті. Бұған қоса, оны еріту кезінде ешқандай химиялық қоспа қосылмайды. 1 келі құс жүнінен 900 грамм протеин алынады екен. Биотехнологтар қауырсыннан алынған протеинді 2018 жылға тағамға енгізуді жоспарлап отыр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу