Химия саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталды. Олар - швейцариялық Жак Дюбоше, америкалық Йоахим Франк және британдық Ричард Хендерсон болды. Ғалымдар ерітіндідегі биомолекулалар құрамын анықтау үшін криоэлектрондық микроскопияны дамыту әдісін ашып отыр.
Бұл жасуша мен молекула ерекшеліктерін зерттеуді жеңілдетеді екен. Ғалымдардың пікірінше, бұл биохимиялық процестерді зерттеудегі революция және ол фармакология мен медицина саласын дамытуға ықпалын тигізеді.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ