Испанияның Каталония автономиясында референдум кезіндегі полицияның озбырлығына қарсы шеру жалғасып жатыр. Ереуілге 700 мың адам жиналды. Олардың арасында студенттер, жұмысшылар бар.
Шерушілердің сөзінше, каталондықтар полицияның күш қолданғанына өте ызалы. Референдум кезіндегі қақтығыстардан 890 адам жараланған. Ал, испан үкіметі ол үшін сепаратизм мәселесін көтерген автономия тұрғындарының өздерін кінәлап отыр.
Каталония үкіметі осы аптаның соңында немесе келесі аптаның басында тәуелсіздік жарияламақ. Мұны автономия басшысы Карлес Пучдемон мәлімдеді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ