Сирия астанасы Дамаскіде жойқын жарылыс болып, 17 адам қаза тапты. Көптеген жараланғандар да бар. Зардап шеккендер ауруханаларға жеткізілген. Оқиға Мидан ауданындағы полиция бөлімшесінде болған. Жергілікті полицияның деректері бойынша 3 жанкешті бөлімшеге келіп бомбаларды іске қосған. Террористерде гранаталар да болған екен. Әзірге бұл жарылысқа кім жауапты екені анықталған жоқ. Тергеу амалдары жүріп жатыр.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ