Лас-вегаста атыс болып, 50-ден астам адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лас-вегаста атыс болып, 50-ден астам адам қаза тапты

03.10.2017

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында болған қантөгіске қатысты Қазақстанда тыйым салынған «ДАИШ» террористік ұйымы кеңейтілген мәлімдеме жасады. Онда ұйым 59 адамды өлтіріп, 600-ге жуық адамды жарақаттаған Стивен Пэддокты «Халифат сарбазы» деп атады. Алайда, АҚШ-тың Федералды тергеу бюросы бұған сенбеуге шақырып, «қандай да бір қорытынды шығару ерте», - деді.

Естеріңізге салсақ, Лас-Вегаста өтіп жатқан музыкалық фестивальға келген адамдарға кенеттен біреу оқ жаудыра бастаған, шабуылшы сол жердегі қонақ үйдің 32-ші қабатынан оқ атқан. Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері Арнайы операция барысында қылмыскердің мерт болғанын хабарлады. Соңғы келіп түскен дерек бойынша шабуылшы – 64 жастағы жергілікті тұрғын екені анықталды.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу