Биыл медицина бойынша Нобель сыйлығын үш америкалық ғалым иеленді. Олар -Джеффри Холл, Майкл Росбаш және Майкл Янг. Бұл зерттеушілер адам ағзасындағы биологиялық сағатты бақылайтын жаңа молекулалық механизмдерді ашты. «Бұл жаңалық өсімдіктердің, жануарлардың, адамдардың өз биологиялық ритмін Жер революциялары мен қалай үйлестіретінін түсіндіріп берді», - дейді Швецияның Корольдік институтының Нобель Ассамблеясы.
Айта кетейік, жыл сайын Нобель сыйлығы бірінші медицина саласына арналады. 1901 жылдан бері Альфред Нобельдің өсиеті бойынша ол ғылым, әдебиет және бейбітшілік номинациялары бойынша да табысталады.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ