Лас-Вегастағы атыстан 50-ден астам адам қаза тауып, 200 шақтысы жараланған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лас-Вегастағы атыстан 50-ден астам адам қаза тауып, 200 шақтысы жараланған

02.10.2017

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында казино маңында өтіп жатқан музыкалық фестиваль кезінде атыс болды.  50-ден астам адам қаза тауып, 200 шақтысы жараланған. Зардап шеккендердің саны әлі де өсуі мүмкін. Мұны «Ассошиэйтед пресс» агенттігі хабарлады.

Оқыс оқиға Манадалай-Бэй казиносының алдында болды. Куәгерлердің айтуынша, фестивальға келген адамдарға кенеттен біреу оқ жаудыра бастаған. Әлеуметтік желілерде көшеде жараланып жатқан адамдардың суреттері мен видеолары да тарап үлгерді.

Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлеріне шабуылшы сол жердегі қонақ үйдің 32-ші қабатынан оқ атқан. Арнайы операция барысында ол мерт болды. Соңғы келіп түскен дерек бойынша, шабуылшы 64-жастағы жергілікті тұрғын Стефен Паддок екені анықталды. Ал, полиция оның көмекшісі болған бір әйелді іздеп жатыр.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу