Ұлыбританияның Манчестер қаласында ондаған мың адам «Брекситке» қарсы шеруге шықты. Наразылық акциясы «Консервативтік» партияның жыл сайынғы 4-күндік конференциясы кезінде ұйымдастырылды.
Демонстранттар Еуропалық Одақтың туын ұстап, бюджеттік қысқартуларды тоқтатуды, «Брексит» референдумын екінші рет өткізуді талап етіп отыр. Демонстрацияға елдің түкпір-түкпірінен, Еуропа елдерінен де қатысқандар бар.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ