Лас-Вегаста атыс болып, 50-ден астам адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лас-Вегаста атыс болып, 50-ден астам адам қаза тапты

02.10.2017

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында казино маңында өтіп жатқан музыкалық фестиваль кезінде атыс болды.  50-ден астам адам қаза тауып, 200 шақтысы жараланған. Зардап шеккендердің саны әлі де өсуі мүмкін. Мұны «Ассошиэйтед пресс» агенттігі хабарлады.

Оқыс оқиға Манадалай-Бэй  казиносының алдында болды. Куәгерлердің айтуынша, фестивальға келген адамдарға кенеттен біреу оқ жаудыра бастаған. Әлеуметтік желілерде көшеде жараланып жатқан адамдардың суреттері мен видеолары да тарап үлгерді. Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлеріне шабуылшы сол жердегі қонақ үйдің 32-ші қабатынан оқ атқан. Арнайы операция барысында ол мерт болды.

Әзірге шабуылшының аты-жөні белгісіз. Бірақ, жергілікті тұрғын екені анықталды.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу