Түркия билігі 117 әскери офицерді тұтқындау туралы бұйрық берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия билігі 117 әскери офицерді тұтқындау туралы бұйрық берді

29.09.2017

Оларды ұстау операциясы елдің 45 провинциясында жүріп жатыр. Әскерилер «Фетхуллахшылардың террористік ұйымына» қатысы бар деген күдікке іліккен.

Түркия АҚШ-та жүрген уағызшы Фетхуллах Гүленді Анкара мен Стамбулда былтыр жүзеге аспай қалған әскери төңкеріс үшін кінәлап отыр. Бірақ, Гүленнің өзі де сол путчты айыптап, оған еш қатысы жоқ екенін мәлімдеп келеді.

Естеріңізде болса, 2016 жылы шілденің 15-де болған бүліктен Түркияда 250 адам қаза тапты, 2500-нан астамы жараланған. Осы оқиғадан кейін мемлекеттік аппарат пен армияда басталған тазартулар әлі де жалғасып жатыр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу