Бұл - 1889 жылы мұнара ресми түрде ашылғаннан бергі көрсеткіш. Келушілерге әр қабатта концерт қойылып, әр түрлі дәмді тағамдар ұсынылды. Сондай-ақ, төменгі қабатта әлемнің түкпір-түкпірінен келген диджейлер әуендерін ойнатып, жұртқа керемет көңіл-күй сыйлады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, 128 жылдық тарихы бар бұл нысанаға «Темір ханым» деп лақап ат та қойылған екен.
Айта кетейік, Эйфель мұнарасына жылына 7 миллиондай адам келеді. Ол күнделікті 20 мыңға жуық шаммен жарықтандырылады.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ