30 миллион доллардың гауһартасы сатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

30 миллион доллардың гауһартасы сатылады

28.09.2017

Гонконгта атақты «Кристис» аукционына құны 30 миллион доллардың ең үлкен гауһартасы қойылады. Оның салмағы 163,4 карат, ал түсі ақ. Аукционның еуропалық өкілі Франсуа Куриэльдің айтуынша, бұл мұнда сатылымға қойылған ең ірі бриллиант болып отыр. Әзірге сауданың қай күні өтетіні белгісіз.

Айта кетсек, құнды тастың өңделмеген күйдегі салмағы 404 караттан астам болған. Ол былтыр Анголадағы шахталардың бірінде табылды.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу