Агунг вулканы аса қауіпті дәрежеге жетіп, көшкін жүруі мүмкін. Жергілікті үкімет тұрғындарды қауіпсіз жерге орналастырып, оларға жамылатын мыңдаған көрпе мен улы газдан, күлден қорғайтын бетперделер таратты.
Табиғи апат туралы ескерту қызметі «жер қойнауындағы лава атқылауға жақын тұр» дейді. Сондықтан, жанартаудан 12 шақырым алыс жүруге кеңес берілді.
Айта кетейік, Агунг вулканы соңғы рет 1963 жылы атқылап, одан мыңнан астам адам қаза тапқан еді.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ