БАЭ-де жүргізушісіз ұшатын әлемдегі тұңғыш такси сынақтан сәтті өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БАЭ-де жүргізушісіз ұшатын әлемдегі тұңғыш такси сынақтан сәтті өтті

26.09.2017

Германиялық «Волокоптер» зауыты құрастырған электрлі көлікке екі жолаушы сияды. Онымен ұшу әзірге 30 минутқа шектелген. Мультикоптерді әр 40 минут сайын қуаттап тұру қажет. Ал, аккумуляторларды қуаттауға 2 сағат кетеді екен. Бұл уақытты қысқарту жоспарланып отыр. Ұшатын таксидің максималды жылдамдығы – сағатына 100, ал, орташа жылдамдығы  - 50 шақырым. Дронды сынақтан өткізу шарасына Дубайдың мұрагер ханзадасы шейх Хамдан Әл-Мактум қатысты. Ал, ұшатын аппаратты жасап шығару Дубайды дамыту бойынша үкіметтік бағдарламада қарастырылған.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу