Бангладеште «ACF» ғаламдық қайырымдылық қоры күніне 86 мың рохинджа босқындарын тамақтандыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы «Рейтер» агенттігі хабарлады. Осылайша, Мьянмадан жеткен мұсылмандар жылдың соңына дейін аштыққа ұшырамай жан сақтамақ.
Естеріңізге салсақ, Мьянманың Ракхайн штатында тамыздың 25-нен бері рохинджа мұсылмандары мен жергілікті полиция және буддистер арасында қақтығыстар жалғасып келеді. Соңғы деректер бойынша, соның салдарынан Бангладешке 420 мыңнан астам босқын қашып барған.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ