Индонезиядағы Бали аралында жанартаудың атқылау қаупіне байланысты 1200-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. Жергілікті ақпарат құралдарының деректері бойынша, қазір Агунг вулканының белсенділігі артып, қауіп туралы ескерту 2-ші дәрежеге жетті. Үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған халық уақытша шатырларға орналасып жатыр.
Бали губернаторы Маде Манку Пастиканың мәлімдеуінше, жергілікті үкімет қауіпсіздікті қамтамасыз етуге барынша дайын.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ