Мексикада құлаған мектеп астынан қыз бала құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мексикада құлаған мектеп астынан қыз бала құтқарылды

22.09.2017

Мексикада зілзаладан құлаған мектептің астынан бір қыз тірі табылды. Қазір құтқарушылар 13 жастағы Фриданы үйінді астынан алып шығу жолдарын іздеп жатыр.  Қыздың қасында тағы екі бала болса керек. Бірақ, олардың өлі-тірісі  әзірге белгісіз.

Жергілікті билік бұған дейін мұнда 21 оқушы және 5 ересек адам қаза тапты деп мәлімдеген-ді.  Ал, құтқарушылар дер кезінде жүргізген операция нәтижесінде ел астанасы Мехикода осымен 83 адам үйінділер астынан аман шығарылған.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу