Үндістанда шерушілер рохинджаларға пана беруді талап етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда шерушілер рохинджаларға пана беруді талап етті

21.09.2017

Үндістан астанасы Нью-Делиде жүздеген мұсылман рохинджаларға пана беруді талап етіп, шеруге шықты. Олар үкіметтің Мьянмадан барған босқындарды депортациялау туралы шешіміне наразы. Акцияға шыққандар – Үндістандағы исламдық ұйым мүшелері.

Мьянманың Рахкайн штатында тамыздың 25-де тәртіпсіздіктер басталғалы Үндістанға 40 мыңдай рохинджа барған. Ал, өткен айда премьер-министр Нарендра Моди үкіметі оларды «ел қауіпсіздігіне нұқсан келтіруші заңсыз мигранттар» деп атап, барлығын елден шығаратынын мәлімдеді. Ал, көршілес Бангладештен 422 мыңдай мьянмалық босқын пана тапқан.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу