Ирактың Киркук қаласында 2 мыңдай күрд және араб ұлтының өкілдері Күрдістанның тәуелсіздігін қолдап, шерулетті. Олар қыркүйектің 25-не белгіленген референдумды қалай да өткізетінін мәлімдеп отыр. Бұған дейін Ирак парламенті плебисцитті өткізуге қарсы дауыс берген еді.
Ирак үкіметі күрдтер бұл арқылы «отпен ойнап отыр» деп мәлімдеді. АҚШ та референдумның «ДАИШ»-қа қарсы күресті әлсіретуі мүмкін екенін ескертті.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ