Газа секторының әкімшілігі таратылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Газа секторының әкімшілігі таратылды

18.09.2017

Палестинадағы «Хамас» қозғалысы Газа секторындағы әкімшілікті таратқанын жариялады. Бұл топ 2007 жылы «Фатх» қозғалысымен аз уақыт азаматтық соғыс жүргізіп,  Газадағы билікті өз қолына алған-ды. Енді «Хамас» сол билікті Ұлттық бірлік үкіметіне тапсыруға дайын. Мұндай нәтижеге Мысырдың арағайындығы арқасында қол жеткізілген.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу