Солтүстік Корея ядролық қарумен Жапонияны суға батырып, АҚШ-ты күлге айналдыратынын ескертті. Осылайша, Ким Чен Ын жақында Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің Пхеньянға қарсы жариялаған жаңа санкцияларына жауап берді. Ол қарар бұл мемлекетте 6-шы рет атомдық сынақ жасалғаннан кейін қабылданды. Сонымен қатар, Ким Чен Ын «АҚШ-тың ғана бұйрығымен жұмыс істейтін БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесін жою керек», дейді.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ