Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі Солтүстік Кореяға қарсы кезекті санкцияларды бірауыздан мақұлдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі Солтүстік Кореяға қарсы кезекті санкцияларды бірауыздан мақұлдады

12.09.2017

Бұл – Пхеньянға 2006 жылдан бері жарияланған 9-шы эмбарго. Жаңа резолюцияға сәйкес, қыркүйектің 3-де 6-шы рет ядролық сынақ жасағаны үшін бұл мемлекет шетелге текстиль сата алмайды. Айта кету керек, бұл сала ел экспортында көмірден кейінгі екінші орында тұр. Сонымен қатар, текстиль 2016 жылы экономикаға 752 миллион доллар пайда әкелді. Бұған қоса, Солтүстік Корея жылына 4 жарым миллион баррель мұнай өнімдерін импорттап келген-ді. Енді Пхеньян, сырттан 2 миллион баррельден артық жанармай сатып ала алмайды.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу