Мұны әлемдегі ең ірі несиелік бюролардың бірі «Эквифакс» компаниясы хабарлады. Оның дерегінше, қаскөйлер азаматтардың әлеуметтік сақтандыру нөмірлері, туған жылдары мен күндері, мекен-жайлары, жүргізуші куәлігі туралы ақпараттарды жинаған. Бұған қоса, олар 209 мың адамның несиелік картасына кіріп, Ұлыбритания мен Канадада 182 мың азамат туралы жеке мәліметтерді ұрлаған.
«Эквифакстің» мәлімдеуінше, қаскөйлер бұл қылмысты қауіпсіздік жүйесіндегі осал тұстарды пайдаланып жүзеге асырған.
Арыстан РЫСБЕК