Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 6-шы отырысында Алматы қаласындағы кәсіпкерлердің өтініш-шағымы талқыланды. Шаһардағы жарнамалық нысандарды жаппай жөндеу жұмыстарында 700-ден аса кәсіпкерлер орындарынан заңсыз алынған. Бұл тек Алматы қаласындағы жағдай. Бүгінгі таңда қала басшысының шешімі бойынша, 708 аялдамадан жерді жалға беру құқығы тоқтатылып, мәжбүрлі жерді айыру бойынша 371 өтініш сотқа берілген.
Естеріңізге сала кетсек, аялдамаларды жөндеу, жалға алған жер телімінің мерзімі өтіп кеткеніне байланысты жүргізілген болатын. Кей тұлғалардың бассыздығынан кәсібін дөңгелетіп отырғандар далада қалған.
Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ