АҚШ-та өз бетімен жүретін көліктер қолданысқа енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та өз бетімен жүретін көліктер қолданысқа енгізіледі

07.09.2017

АҚШ Конгресі өз бетімен жүретін көліктерді қолданысқа тезірек енгізу туралы заң жобасын мақұлдады. Оған сәйкес, бірінші жылы мұндай автомобильдің 25 мың данасы, кейін жыл сайын 100 мыңға жуық машина жасау жоспарланған.

Жүргізушіні қажет етпейтін көліктерге компьютерлік жүйе орнатылып, оларға өз жолын таңдау еркі беріледі. Мамандардың пікірінше, мұндай көліктер жол апаттарының санын азайтуға жәрдемдесуі тиіс. Зерттеулерге қарағанда, АҚШ-та мұндай апаттардың көбі адамның қателігінен жасалады.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу