Сирия әскері «ДАИШ» тобының соңғы бекіністерінің біріне басып кірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сирия әскері «ДАИШ» тобының соңғы бекіністерінің біріне басып кірді

06.09.2017

Армия Дейр-әз-Зор қаласында қоршауды бұзған. Шаһар екі жылдан астам уақыт бойы радикалдық топ бақылауында болды. Шабуыл кезінде қарулы топ мүшелері бекіністерін, қару-жарақ және оқ-дәрілерін тастап қашқан. Олардың 50-ден астам көлігі жойылды.

Сирия әскерінің қалаға кіруіне ресейлік авиация қолдау көрсеткен. Дегенмен, қаланың тең жартысы қарулы топтың бақылауында. Оларды ығыстыру үшін үкімет армиясы қала көшелерінде атыс жүргізіп жатыр.   

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу