Макронның рейтингі бір айда 13 пайызға төмендеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Макронның рейтингі бір айда 13 пайызға төмендеді

31.08.2017

Француздардың мемлекет басшысына деген сенімі азайды. Бір айдың ішінде президент Эммануэль Макронның рейтингі 13 пайызға төмендеген. Мұндай мәліметті бүгін «Фигаро» журналы жариялады. Оған жүгінсек, сауалнама сұралғандардың 41 пайызы президенттің әрекеті мен жоспарларына сеніммен қарайды. Өткен шілде айында мұндай пікірдегі азаматтардың қатары 54 пайыз еді. Көпшілік Макронның елде реформалар жүргізе алатынына күмәнді. 

Сонымен қатар, премьер-министр Эдуар Филипті де қолдаушылар азайған.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу