Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі Солтүстік Кореяны зымыран ұшырғаны үшін айыптады. Мәлімдемеде Пхеньянның баллистикалық ракета сынауы аймаққа ғана емес, бүкіл әлемге қатер төндіретіні көрсетілген. Дегенмен, Қауіпсіздік кеңесінің мәлімдемесінде жаңа санкциялар туралы ештеңе айтылмаған.
Арыстан РЫСБЕК